Мен үшін алтыннан кем емес: Димаш Құдайберген Олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал әнші Димаш Құдайберген Токио Олимпиадасында жүлде алған қазақстандық спортшыларды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жеңістеріңіз үшін үлкен рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз, мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруға нәсіп етсін!», - деп жазды Д. Құдайберген Instagram парақшасында.

Бұған дейін Токио -2020 жазғы Олимпиада ойындарына шолу жасаған болатынбыз. Аталған бәсекеде Қазақстан атынан 97 спортшы бәсекенің 28 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде ел құрамасы 8 қола медальмен 83-ші орынға тұрақтады.

Ал дәл қазір айтулы спорттық шараның жабылу салтанаты өтіп жатыр.



Соңғы жаңалықтар