Мен Стив Роллсты құрметтеймін - Геннадий Головкин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) алдағы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды, Sports.kz.

«Мен Стивті құрметтеймін және онымен рингте кездесу ойын емес. Мен бокста кез келген адамның мүмкіндігі бар екендігін тағы да қайталап айтқым келеді. Роллс ештеме жоғалтпайды, керсінше көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуі мүмкін. Ол Нью-Йорктегі ең «қауіпті» жігіттердің бірі болып танылады. Бұл жекпе-жектің қалай аяқталатынын білмеймін. Бұл бокс, оның қалай болатынын білмейсің. Әрине, мүмкіндігім болса мен айқасты тезірек аяқтауға тырысамын», - деді Головкин.

Еске салсақ, бұған дейін Головкин мен Роллстың Нью-Йорктегі ашық жаттығуының видеосы жарияланды.

Головкин-Роллс кездесуі 9 маусым күні таң ата өтеді. Бұл 37 жастағы қазақстандық боксшының DAZN стриминг алаңындағы дебюті болмақ. Жуырда ғана ол жаңа телесеріктеспен құны 100 млн долларды құрайтын келісімшартқа қол қойды. Келісім талаптарына сәйкес, қазақстандық боксшы DAZN алаңында екі жылда 6 кездесу өткізуі керек.

Соңғы жаңалықтар