USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

«Мен соғысқа 17 жасымда аттандым. Ол өте үрейлі заман еді» - ҰОС ардагері В.Сонин

2016 жылғы 4 мамыр 15:37
Бөлісіңіз:
«Мен соғысқа 17 жасымда аттандым. Ол өте үрейлі заман еді» - ҰОС ардагері В.Сонин

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 мамыр күнін мерекелеу қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ерекше құрмет пен көңіл бөлінетіні анық. Осы күні біз олардың адамзат алдындағы, Отан алдындағы өшпес ерліктерін еске аламыз.

Соғыс ардагерлері мен ІІМ жүйесінде көп жылдар қызмет істеген арда қариялардың шаңырағына ІІД басшылығы арнайы барып қайтатын әдемі дәстүр бар. Биыл да, Жеңіс күніне орай, Астана қалалық ІІД елордада ерекше мейірімді шараны өткізді. Ардагерлердің үйіне офицерлер ғана емес, білікті дәрігерлер де келіп, олардың денсаулықтарын қарап қайтты. Солардың бірі - ҰОС ардагері, 30 жыл ІІМ жүйесінде қызмет істеген Василий Сонин.

«Олар мейрамды сезінсе екен деген тілекпен біз бүгін кәделерімізді алып, ардақты ардагерлерімізге бас сұқтық. Мейрам уақыттарында біз қарияларымызға көп көңіл бөлуге тырысамыз. Жыл сайын олардың қатары сиреп келеді, біз олардың батырлықтарын ұмыт қалдырмай, еске алып отыруымыз керек. Василий Сонин ішкі істер жүйесінде ширек ғасыр жұмыс істеген, саланың дамуына өз үлесін қосқан адам. Біз оның құқықтық тәртіпті сақтау ісіне қосқан еңбегіне рахметімізді айтып, оған саулық, береке мен мықты денсаулық тілейміз!» - деді шараға қатысқан Астана қаласы Есіл аудандық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Қанат Алтаев.

В.Сонин 1926 жылы дүниеге келген. Манчжурде алғаш ұрысқа кіріскен.

18 жасқа толар-толмас шағында соғысқа шақырылып, 1943 жылы 17 қарашада Примор аймағына аттанады. Дәл сол жылдары бұл тұста нағыз кескілескен ұрыстар жүріп жатқан болатын, әрбір жауынгер бағалы еді. Дегенмен оны майданға жолаттырмады, себебі әскери дайындықтан өту керек болатын.

«Мені соғысқа 17 жаста шақырып алды. Ол өте үрейлі заман еді», - деп еске алады В.Сонин.

1943 жылдың желтоқсанынан бастап, соғыстың соңына дейін В.Сонин атқыштар әскерінде дайындық курсынан өтті. Кейін 1945 жылдың 9 тамызында Жапониямен арадағы шекараға келді. Онда Қызыл әскер қатарында ол Манчжурия елінде орын алған ұрыстарға қатысты. Ол полк штабында байланыс орнатушы қызметін атқарды.

«Біз жаяу, кескілескен ұрыстармен барлық Манчжурияны ғана емес, Жапонияны да жүріп өттік. Солтүстік Кореяға дейін жетіп, ондағы ауылдарды жапон солдаттарынан тазарттық. Ол жерде біздің штабымыз үш жылға бекітілді. Кейін бізді елге шақыртып алды», - дейді В.Сонин.

Соғыстан соң, 1951 жылдан бастап, Целиноград қаласында ішкі істер органдарында қызмет істеді. Кейін ІІБ ведомствоаралық күзетте көп жыл жұмыс атқарды. В.Сонин Ұлы Отан Соғысының 2-дәрежелі ордендерімен, Қызыл Жұлдыз және Георгий Жуков медальдарымен марапатталған.

Соңғы деректерге қарасақ, Қазақстанда Ұлы Отан Соғысының небәрі 3 668 ардагері қалған. Былтыр олардың саны 4 715 болатын. 9 мамыр қарсаңында оларға біржолғы ақшалай сыйақылар беріледі. Астана әкімдігі әр ардагерге 1 миллион теңгеден беруді жоспарлауда.

2 3 4 5 6 7 8 9

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT