Мен ресейліктерден емес, жанкүйерлер сенімін ақтай алмай қалам ба деп қорқам - М.Беспаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жұртшылығы қазақстандық және ресейлік өнер жұлдыздарынан құралған «Алатау» мен «Старко» футбол клубтары арасында өтетін "жұлдызды футболды" көруге Орталық стадионға қарай ағылуда.

Ғимараттың маңайы тәртіп сақшыларымен қоршалған.

Дәл қазір спортшылар журналистерге сұхбат беруде. "Олардың бойының ұзындығы ғана алаңдатып отыр. Барлығы дерлік Челси ойыншылары сияқты бойшаң екен. Мен бұрыштама допты баспен соққанға шебер едім. Енді бір ай бойы жаттыққан еңбегіміз еш кетпейді деп сенемін", - деді Сәкен Майғазиев.

Біздің команданы қолдауға келген "Азия" тобының әншісі Ринат қазақ командасының жеңісіне 98 пайыз сенетінін айтты.

Ал, Мейрамбек Беспаев қарсылас команданың Влад Топалов сынды ойыншыларынан қауіптену керектігін жеткізді.

"Мен қарсылас командадан емес, бізге жанкүйер болып келген көрермендердің үмітін ақтай алмай қалам ба деп қорқам", - деді Мейрамбек.

Соңғы жаңалықтар