«Men Qazaqpyn» жобасы Шығыс Қазақстанға келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  «QAZAQSTAN» ұлттық арнасының «Men Qazaqpyn» халықаралық мегажобасының екінші кезеңіне іріктеу сындары Шығыс Қазақстанда басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Бұл туралы өңірлік «ALTAI» телеарнасының директоры Аида Жабағиева мен орынбасары Айдос Жұқанұлы арнайы брифингте айтты.

«Жобаға қатысуға ниет білдіргендердің өнерін телеарнаның, мәдениет және ішкі саясат басқармаларының өкілдері, іріктеу өтетін аудандардың өнер майталмандары бағалайды. Семейге жақын орналасқан төрт ауданды сондағы әріптестерімізге тапсырдық» - деді Аида Жабағиева.

Телеарнаның бас редакторы Айдос Жұқанұлының айтуынша, байқауға дәстүрлі ән мен терме айтып, күй шерте алатын кез келген өнерпаз қатыса алады. Ешқандай музыкалық білім туралы құжат талап етілмейді.

Облыстық іріктеудің өзі екі кезеңде өтпек. Әуелі Үржар, Аягөз, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті, Ұлан, Катонқарағай, Күршім аудандарында қорытынды сынға іріктеу жүргізілмек. Ол 28 мамыр күні Үржар ауданынан бастау алады. 30 маусымда Өскеменде өтетін қорытынды сында республикалық кезеңге қатысатын үміткерлерді іріктеу болады. Бұл кезеңді облыс жұртшылығы «ALTAI» телеарнасынан тамашалайтын болады.

Соңғы жаңалықтар