«Мен прокурормын!»: Полиция мас «прокурорды» іздеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы прокуратурасы ішімдік ішіп алып дәмханада шу шығарған «прокурорға» қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желіде бүгін тараған болатын.

Voyage дәмханасында отырған ер адам даяшыларға дөрекілік көрсетіп, шу шығарған.

Қызметкерлердіңң айтуынша, ол мас болған. «Мен прокурормын!», - деп айғайлап, былапыт сөйлеген.

Қалалық прокуратура видеодағы адамның прокуратура қызметкері екенін жоққа шығарды.

Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті оның кім екенін анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар