Мен оралдым: Фируза Шәріпова қарсыласын нокаутқа жіберетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем чемпионы Фируза Шәріпова жаңа жекпе-жек алдындағы дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боксшы бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Өзінің айтуынша, ол Олимпиада финалисі Софья Очигавамен айқасқа шығу үшін жан-жақты әзірленіп жатыр.

«4 мамырдан бастап жаттығуға кірістім. Әрине, карантинге байланысты дайындық мен ойлаған деңгейде өтіп жатқан жоқ. Оның үстіне біз диетологпен және жалпы физикалық дайындық жөніндегі бапкермен жұмыс істеп жатырмыз. Бокс жаттығуы кейінірек басталады. Ал әзірге мен үй жағдайында, баспалдақта, жабық аулада дене жаттығуын жасап, секірмекпен секіремін, көлеңкеммен « айқасып « , төзімді сынайтын жаттығуларды жасап жүрмін. Бұл жекпе-жекке барымды салып, кәдімгідей ынты-шынтыммен дайындалып жатырмын, сондықтан күтіңіздер... Мен оралдым және 4 шілдеде Софья Очигаваны нокаутқа жіберемін», - деп жазды Фируза Шәріпова парақшасында.

Айта кетейік, боксшы өзінің спорттағы жолын осы Софья Очигавамен айқастан бастаған, бірақ өкінішке қарай, жеңіліп қалған еді.

Еске сала кетейік, 4 шілдеде Ресейдің Қазан қаласында Очигава - Шәріпова реваншы өтеді.


Соңғы жаңалықтар