Мен оралам: Головкиннің жариялаған видеосын 1,5 млн адам көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Инстаграмдағы аккаунтында мексикалық Сауль Альвареспен болған жекпе-жегінен кейінгі сәттерден видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео боксшылардың рингтегі айқасынан үзіндіден басталады. Одан әрі, жекпе-жек аяқталған соң Головкиннің тынығу бөлмеде жүргенін, сондай-ақ журналистердің алдына шығып бара жатқан сәтін көруге болады.

«GGG» БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Менің ішкі бақылауым ойдағыдай... Жекпе-жекті тамашалауға келгендеріңіз үшін рахмет», - деді. Сондай-ақ ол тамаша айқас болғанын және «қайта оралатынын» атап өтті.

Боксшы орналастырған видеоны осы уақытқа дейін 1,5 млн адам көрген. Қазақстандықтар мен шетелдегі жанкүйерлер оның астына өз пікірлері мен қолдау сөздерін қалдыруда.

«Сіз - ең үздік боксшысыз», «Сізді жақсы көреміз», «Сіз біздің чемпионсыз», - деп жазуда олар.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Олардың бірінші айқасы былтыр тең нәтижемен аяқталған еді. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

Соңғы жаңалықтар