Мен немерелерім мен балаларымның болашағы үшін дауыс бердім - Бибігүл Төлегенова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №371 сайлау учаскесінде КСРО және Қазақстан халық әртісі Бибігүл Төлегенова өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс берді.

«Мен бүгін балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Олардың болашағы жарқын болсын деп. Біз аға ұрпақ өкілдері көп тауқымет көрдік, соғысты да, аштықты да, қуғын заманын да. Қазіргі тыныштық пен береке үшін Елбасы Н.Назарбаевқа алғысым шексіз», - деді ол.

Жезтаңдай әнші Қазақстан халқы үшін дауыс беру аса маңыздылығын айтты.

«Мен барлық қазақстандыққа денсаулық пен бейбіт өмір тілеймін. Аспанымыз ашық, күніміз жарық болсын», - деді Б.Төлегенова.

Соңғы жаңалықтар