«Мен - марафоншымын»: төрт спортшы Алматы марафонына тегін дайындықтан өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы марафонының ұйымдастырушылары «Мен - марафоншымын» байқауын жариялайды. Байқаудан оза шыққан төрт жеңімпаз - екі ер және екі әйел адам World Class Almaty фитнес-клубының жаттықтырушысымен үш ай бойы үздіксіз дайындалады.

Қатысушылар үш айлық дайындық аяқталғаннан кейін 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін IV Алматы марафонында 42 км 195 метр қашықтықты жүгіріп өту керек.

Жобаға бұрын спортқа көңіл бөлмеген, бірақ өмірлеріне жаңа өзгеріс әкелгісі келетін алматылықтар шақырылады. Байқауға кәсіби спортшылар мен спорт дәрежесі бар адамдардың қатысуына мүмкіндік жоқ.

«Мен - марафоншымын» жобасының мақсаты - Алматы қаласы тұрғындары арасында салауатты өмір салты мен спорт құндылықтарын дәріптеу. Біз бұл шарамен спортпен щұғылдануды, белсенді және салауатты өмір салтын ұстануды бастауға ешқашан кеш емес екенін көрсеткіміз келеді. Біздің жобамыз көпшілікті әрекеттенуге итермелейді деп үміттенеміз, - дейді Алматы марафонының ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева.

Қатысушылардың нәтижелерін кез келген адам бақылай алады. Оған қоса Алматы марафонына дайындық реалити-шоу тәртібінде ғаламтор арқылы трансляцияланады.

Үміткерлер сауалнаманы толытырып, Алматы марафонының ұйымдастыру комитетінің [email protected] электронды поштасына жіберу керек.

Іріктеу 2014 жылдың 1 қарашасынан 30-на дейін екі кезеңде өтеді.

Соңғы жаңалықтар