«Мен қорғануым керек» қағидасын ұстанған дұрыс - иммунолог

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иммунологтың айтуынша, вакцинадан бұрын антиденелерге тест жасау тиімсіз. Өйткені олардың болуы вакцинаға әсер етпейді.

Эльмира Битанова коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың вакцинадан бас тартпау керектігін айтты. Уақыт өте келе COVID-19 антиденелерінің саны азайып, індетті қайта жұқтыру қаупі бар.

Иммунолог вакцинаның бірінші кезеңінен кейін иммунитет төмендеп, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі артады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сонымен қатар, ол жанама әсердің қалыпты екенін мәлім етті. Өйткені вирустың өзі үлкен қауіп төндіреді. Сондай-ақ вакцина онкология мен басқа да генетикалық ауруларды тудырмайды. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат екенін тілге тиек етті.

«Вакцина иммундық жүйені қалыптастыру үшін жасалған. Бұл туа біткен иммунитет сияқты. Әрі қарай адаптивті иммунитет қалыптасады. Бұл тізбек антигенмен алғашқы кездесуде аяқталады. Содан кейін жады жасушалары пайда болады. Олар бірегей әрі қоздырғыш түрінде келеді. Бұл вакцинаның екі кезеңін білдіреді», - деді дәрігер.

Ол вакцинадан кейін температура көтерілсе, алаңдамауға шақырды. Айтуынша, бұл иммундық жауапқа тән реакция.

Иммунолог вакцина алған адамдарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды да сақтау керектігін ескертті. Өйткені вирус әлі бар.

Эльмира Битанова вирустың жабық бөлмеде тасымалдану қаупі жоғары екенін айтты.

«Вирусты бір бөлмеден екінші бөлмеге тасымалдауға болады. Өйткені Жапониядағы лайнерлерде адамдар өз кабиналарынан шықпай-ақ жұқтырған», - деді ол.

Оның айтуынша, бір бөлмеге орнатылған желдеткіш вирус тудырмайды, бірақ ол суық тиюге себеп болады.

Иммунолог антиденелер мәселесін де қозғады.

«Мен қорғануым керек» қағидатын ұстана отырып, санитарлық нормаларды сақтап, вакцина алған жөн», - деді дәрігер.


Соңғы жаңалықтар