Мен Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуі үшін дауыс бердім - С.Кулагин (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауына қатысып, Көкшетаудағы №1 орта мектепте орналасқан №6 сайлау учаскесінде өзі таңдауын жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің өңірдегі тілшісі.

«Өз елімнің азаматы ретінде, мен Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуі үшін дауыс бердім», - деді С.Кулагин.

Сонымен қатар осы сайлау учаскесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров пен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев та дауыс берді.

Аталған учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Ирина Головченконың айтуынша сайлау учаскесінде 3907 дауыс беруші тіркелген.

«Сайлау басталғалы 2 сағаттың ішінде 300-ден астам адам дауыс беріп үлгерді. Оның 19-ы алғаш рет сайлауға қатысып отырғандар. Сондай-ақ, сайлау учаскесіне келе алмайтын 30 адам үйінде дауыс береді. Жалпы, сайлаушылардың белсенділігі жоғары», - деді И.Головченко.
null null null

Соңғы жаңалықтар