Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін - АҚШ тілшісі

None
None
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО.ҚазАқпарат - Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Рио-де-Жанейро Олимпиадасына АҚШ-тан келген журналист мәлім етті.

Олимпиадалық қалашықта Қазақстан тілшілерінен бөлек, өзге де елдерден келген журналистер де қызу жұмыс жасап жатыр.

Бүгін үстіміздегі киіп жүрген формамыздан Қазақстан азаматы екенімізді білген бір журналист алдымыздан шығып, "Сіздер Қазақстаннан келдіңіздер ме?" деп сұрады. Иә деп басымызды изедік. Ол осы кезде "Геннадий Головкин"  деп бас бармағын  көрсетті. Сондай-ақ, "мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы жақсы білемін" деп атап өтті ол.

Қалтасынан қол телефонын алып шығып, біздің Генамен бірге түскен суреттерін көрсетті. Сонымен бірге әрқашан да Геннадийге жанкүйер екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар