Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 22 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

«Мен қазақпын» байқауының іріктеу турлары Ресей, Қытай мен Моңғолия елдерінде өтеді

2017 жылғы 11 мамыр 11:39 3349
Бөлісіңіз:
«Мен қазақпын» байқауының іріктеу турлары Ресей, Қытай мен Моңғолия елдерінде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазақстан" РТРК" басқарма төрағасы Ерлан Қарин "Мен қазақпын" xалықаралық байқауы аясында көрші елдерде өтетін іріктеу турлары жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз Алтай республикасының Қосағаш ауданында іріктеу турларын өткізуді көздейміз. Ол жерде қазақ диаспорасының біраз өкілдері тұрады. Бұдан бөлек, Баян-Өлгей мен Шыңжаң- Ұйғыр автономиялық өлкесінде іріктеулер ұйымдастырылады. Дәл осы аймақтарда қазақтың дәстүрлі музыкасы жақсы сақталған. Сосын күй, терме сияқты жанрлардың бірнеше мектебі әлі де бар. Қазақстанның кейбір жерлерінде ондай жанрлар сақталмаса да, қандастарымыздың арқасында оны қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Осының өзі музыканы зерттеп жүрген ғалымдар үшін үлкен азық болады", - дейді Қарин.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та "Мен қазақпын" xалықаралық байқауы арқылы дарынды өнерпаздардың ғана емес, қолға түспей жүрген шығармалардың да табылатынына сенімді. Байқаудың алғашқы іріктеу турлары 5 маусым күні Алматы облысында басталады. Ал шет елдердегі конкурстар шілде айында ұйымдастырылады. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады. Жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Мен қазақпын" атты xалықаралық мегажобаның басталатынын жариялады.

"Қазақстан" РТРК" басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, байқаудың түпкі мақсаты - шалғай ауылдарда жүрген өнерпаздарды үлкен саxнаға шығару. Министр аталған бастамаға ақшаны аямау қажет деп санайды

 

 


Басты сөздер: БАҚ, Мәдениет, Қазақ елі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат