Мен боксшымын, мен спортшымын, жұмысымды жалғастыра беремін - Головкин

None
None
ЛАС-ВЕГАС. ҚазАқпарат - WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

GGG төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль «Канело» Альвареске есе жіберді.

«Бүгін көп нәрсе айтуға болады. Ең алдымен, «Канелоны» құттықтағым келеді, себебі бүгін ол үйіне чемпион болып қайтты. Бүгін екеуміз үшін де жақсы айқас болды. Біз жақсы жұмыс істедік. Мен өзімді чемпионмын деп есептеймін, ол да чемпион сияқты айқасты. Бүгін екі чемпионның жекпе-жегі болды.

Мен өзімді өте жақсы сезіндім. Біз жақсы жұмыс істедік. Джебпен бақылау жасадық, айқасты бастан-аяқ бақылауда ұстадық. Мен боксшымын, мен спортшымын, мен өз жұмысымды әрі қарай жалғастыра бермекпін.

Әрине, біз үшінші айқас өткізгіміз келіп еді, бұл туралы әлі сөйлесеміз. Тағы айқас өткізсек, керемет болушы еді", - деді Головкин.

Соңғы жаңалықтар