Мен бизнес бәсекеде ерлерден басым түстім - Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева бүгін ОКҚ-де өткен брифинг барысында бизнестегі әйелдер құқығының түйткілді мәселелері жайлы әңгімеледі.

«Жүргізілген мониторинг нәтижесіне сәйкес, әйелдердің еңбекақысы ерлердің еңбекақысының 75 пайызын ғана құрайтыны белгілі болды. Көріп отырғанымыздай, бұл жерде тепе-теңдік жоқ. Сонымен қатар, жасы келген әйелдерді жұмысқа қабылдамау ерлерге қарағанда жиі кездеседі», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты алғаш бизнеске аяқ басқан кезінде гендерлік дискриминацияға қалай тап болғандығы туралы да айтып өтті.

«Мен алғашқы қызметімді өтеп жүрген кезде әріптес ер адамдарға өз бизнес-жобамды көрсеткен болатынмын. Барлығымыз отырып, мәселені талқыладық. Талқылаудан кейін олар «жүріңдер, қалған мәселені темекі шеге қарастырайық» деді. Ал мен жалғыз қалып қойдым. Сол кезде мен әйелдерге бизнес салада қандай қиын екендігін алғаш сезіндім. Кейін жобамды жүзеге асыра бастадым. Аймақта сүт шаруашылығы кәсіпорындарының қауымдастығын құрдым. Сөйтіп, менің жобам қабылданып, бұл бәсекеде мен жеңдім», - деді Айгүл Соловьева.

Соңғы жаңалықтар