+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Мен барғым келетін Корея - қазақстандықтар арасында байқау жарияланды

2021 жылғы 21 шілде 13:09
Бөлісіңіз:
Мен барғым келетін Корея - қазақстандықтар арасында байқау жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Корея Республикасы Елшілігінің корей мәдени орталығы 19 шілде мен 10 қыркүйек аралығында «Кореяға саяхат» онлайн эссе байқауын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға қатысушылар Кореяның көркем жерлеріне саяхат туралы шағын шығармаларын ұсынуы керек.

«Іс-шара Кореяға барғысы келетін, бірақ COVID-19 пандемиясы кезеңінде саяхаттауға мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар үшін, «Таңғы жұпар елінің» өзі мен өңірлері туралы жанама түрде көбірек білу үшін арнайы ұйымдастырылып отыр. Шығармашылық байқау өткен жылдан бері корей мәдени орталығының сайтында екі апта сайын Корея Республикасының бес өңірін топтап таныстыратын онлайн фотокөрме ізімен өткелі тұр», - дейді орталық мамандары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысу үшін қазақстандықтар елдің кез келген нүктесінде отырып «Корей туристік онлайн фотокөрмесін» тамашалай алады. Соның ішінде өзіне ұнаға бір суретті таңдап, соның негізінде «Мен барғым келетін Корея» немесе «Мен айтқым келетін Корея» тақырыбына шағын эссе жазуы керек. Өтінімді Қазақстан Республикасының 13 жастан асқан барлық азаматтары бере алады.

Байқау қорытындысы бойынша корей мәдени орталығы эссесі сәтті шыққан 10 қатысушыны таңдап, ресми сайтта жариялайды. Он жеңімпазға COVID-19 пандемиясынан кейін Кореяға сапар кезінде пайдалы болатын арнайы сыйлықтар беріледі.

«COVID-19 пандемиясына байланысты басқа елдерге саяхат шектеулі болғанына қарамастан, осы онлайн фотокөрме арқылы қазақстандықтар Кореяның алуан түрлі табиғатымен, сан қырлы мәдениетімен жете таныса алады. Бұл оларды пандемиядан кейін Кореяға саяхат жоспарлауға шабыттандырады деп үміттенеміз. Бір жағынан осы шара арқылы пандемиядан қажыған қазақстандықтарды аздап жігерлендіргіміз келді», - дейді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT