Мен бақытты саясаткермін - Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тәуелсіздік тағылымы» атты тележоба барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзін бақытты саясаткер санайтындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Билікке ұмтылған кез келген саясаткер, әсіресе ол елдің ең жоғары билігіне үміткер болса, онда ол қандай жоспары барлығын, не істегісі келетіндігін, мемлекет пен халықты қандай биіктерге шығарғысы келетіндігін ойлауы тиіс. Егер ол оны орындай алатын болса, онда ол бақытты саясаткер. Жасырмаймын, мен сондай саясаткермін. Ол үшін тағдырыма және бірге жұмыс істегендердің барлығына ризашылығымды білдіремін», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы ендігі уақытта 25 жыл болған Тәуелсіздігіміздің эпопеясын ары қарай қалай жалғастыру қажеттігін атап өтті. Бұл ретте Қазақстанның басты мақсаты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу болып отырғандығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар