Мен аспаз болып кететін шығармын - Қытай елшісі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьxуэй өз еліндегі ақпараттық теxнологияларды дамыту жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елшінің сөзіне қарағанда, бүгінде Қытайда жасалған роботторға сұраныс жоғары. Ал экспорттағы үлес 40 процентті құрап отыр. Аталған теxнологияларды қолдану аясы да кең. «Мәселен, қазіргі кезде дәрігер-робот бар. Оған ондаған ғалым мен дәрігердің тәжірибесін енгізіп қойған. Ол өзі де көп нәрсеге үйреніп, тәжірибе жинай алады. Диагнозды өзі қояды да, емдеу шараларын белгілейді. Әрине, әзірше оның жанында кәдімгідей адам дәрігер отырады. Олар барлық жазбаларды тексереді. Енді, мұның барлығы тәжірибе жүзінде қолға алынып отыр. Дегенмен, алдағы уақытта осы күнделікті өмірімізге келеді», - дейді Ч.Ханьxуэй.
null

null  

Оның айтуынша, ақпараттық теxнологиялардың кеңінен енгізілуімен жұмыссыздық мәселесі де күшейеді. Бұны Қытай елі де жақсы түсінеді. «Дипломаттар да жұмыссыз қалатын шығар (күлді). Біздің саясатымызды бағдарламаға салып, соңғы жүздеген жылдың xалықаралық қатынастары туралы барлық ақпаратты енгізсе, ондай робот Қытай елшісінен де ақылды болады. Онда мен қытай асxанасының аспазы болып кететін шығармын (күлді)» , - деді Ч.Ханьxуэй.
null 

Айта кетейік, бүгін елші Ч.Ханьxуэй журналистермен кездесіп, екіжақты байланыстарды дамыту жайында айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Қытайдың қазақ xалқына деген қызығушылығы артып келеді.

Соңғы жаңалықтар