«Мемсараптама» мекемесінің барлық сатысында жемқорлық тәуекелі кездеседі - агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК қызметінде кездесетін жемқорлық тәуекелдерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК қызметіне келер болсақ, мұнда жобаларды сараптаудың түрлі кезеңдерін реттейтін ішкі актілердегі құқықтық олқылықтар баршылық. Әлеуетті тәуекелдер іс жүзінде сараптаманың барлық сатыларында – құжаттаманы қабылдау мен шарт жасасу кезінде, оны тікелей жүргізу, сондай-ақ нәтижені тапсыру кезінде де кездеседі. Мәселен, құжаттаманы қабылдау сатысында сараптама құнының есебін жасаудың уақыт кезеңі регламенттелмеген. Бұл жауапты тұлғалардың дискрециялық өкілеттігін кеңейтеді», - дейді Анар Жарова ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сараптама жүргізу кезеңінде сарапшылар мен жобаның тапсырыс берушілері арасындағы дәлелді ескертулер мен мәселелерді жолдау, өңдеу рәсімдері егжей-тегжейлі реттелмеген.

«Іс жүзінде сарапшылардың сұрау салуы тапсырыс берушіге көбінесе жұмыстан тыс уақытта, демалыс күндерін қоса алғанда жолданады. Сонымен қатар, тапсырыс берушімен жұмыс істеу және жұмыстан тыс уақытта, сондай-ақ демалыс күндері ескерту беру тиісті жобаларды дайындау үшін уақыттың шектелуіне байланысты заңға қайшы әрекеттер үшін жағдай жасайды. Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыс жеке кездесулер мен телефонмен келіссөз арқылы жүзеге асырылады. Бұл тиісті нормативтік актілер мен ішкі регламенттерде реттелмеген және сыбайлас жемқорлықтың айқын факторы ретінде бағаланады», - деді ол.

Агенттік өкілінің айтуынша, қолданыстағы нормативтік актілер мен регламенттерде сараптама қорытындысын мерзімінен бұрын беру мүмкіндігі және заңнамада көзделген сараптама сатыларын қысқарту туралы норманың болмауын да - сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жатқызуға болады.

Соңғы жаңалықтар