+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Меморгандарға мерейтойлық шараларды өткізгенде ысырапшылдыққа жол бермеу тапсырылды

2020 жылғы 13 ақпан 16:40
Бөлісіңіз:
Меморгандарға мерейтойлық шараларды өткізгенде ысырапшылдыққа жол бермеу тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 жылдық және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Отырысқа қатысушылар Қордай ауданында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты, қалыптасқан жағдайдың тезірек тұрақтануына тілектестік білдірді

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеудің бастапқы салтанатты рәсімдері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткізілгенін атап өтті.

Ол сондай-ақ, ұлы ойшылдар Абай мен Әл-Фарабидің ұлағатты мұраларын зерделей келе, олардың ізгі идеяларының түпкі негізі елдің бірлігі мен ынтымағымен үндесетінін тағы да дәлелдеп отырғанын атап өтті. Абай өзінің «толық адам» тұжырымын мұра етсе, Әл-Фараби «бақытқа жету жолында бір-біріне қол ұшын беретін қоғам – қайырымды қоғам» деген өсиетін қалдырды. Абай мен Әл-Фараби қалдырған әділеттілік пен қайырымдылықтың өнегелік мұраттары Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты осы заманғы тұжырымдамасымен үйлеседі.

Комиссия отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауы мен «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында жаңа міндеттердің, оның ішінде мерейтойлық іс-шаралардың бағдарлары нақты белгіленгеніне ерекше назар аударылды. Аталған тапсырмалар аясында мемлекеттік комиссиялардың мүшелері мен мемлекеттік органдар Абай мен Әл-Фарабидің рухани мұраларын насихаттау барысында зиялы қауым өкілдерінің және басқа да отандастарымыздың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланған пікірлері мен ұсыныстарын ескеруі тиіс.

Отырыста Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің, Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Д.Абаевтың, Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Сыдықовтың, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың есептері тыңдалды.

Жиын соңында орталық және жергілікті атқарушы органдарға мерейтойлық іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, оларды жоғары идеялық және нақты құндылықтармен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT