Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Меморгандардың фунцияларын бәсекелес ортаға берудің қағидаттары айқындалды

2018 жылғы 13 маусым 11:21 10553
Бөлісіңіз:
Меморгандардың фунцияларын бәсекелес ортаға берудің қағидаттары айқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-қадамын іске асыру үшін әзірленді. Заң жобасы өзін-өзі реттеуді дамыту, сондай-ақ мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтудің құқықтық негізін қалайды. Бұл құжатты қалыптастыру кезінде біз ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесін зерделедік», - деп тоқталды ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Заң жобасында мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің базалық тәсілдерін бекіту, функцияларды үкіметтік емес секторға беру көзделген.

«Түзетулердің бірінші және негізгі бөлігі - бұл базалық тәсілдер. 2016 жылы жүргізілген сараптама негізгі проблеманы, яғни мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру өлшемшарттарының жоқ екенін және оның жүйесіздік сипатта екенін анықтады. Осыған байланысты, заң жобасында мемлекеттік органдардың фунцияларын бәсекелес ортаға берудің мақсаттары, қағидаттары және тәсілдері; функцияларды іріктеу мен берудің өлшемшарттары, алгоритмі; функциялардың жүзеге асырылу сапасының мониторингі; Үкіметтің және мемлекеттік органдардың өкілеттіктері, «Атамекен» ҰКП рөлі; функцияларды орындаушылардың құқықтары мен міндеттері; Үкіметтің жанында арнайы құрылған комиссияның функциялары айқындалады», - деп нақтылады Т. Сүлейменов.

Белгілі болғандай, жекелеген функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселесі қарастырылмайды. Бұған ұлттық, ақпараттық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған функциялар, қорғаныс, қоғамдық тәртіпті қорғау және басқа да функциялар жатады.

Заң жобасында функцияларды бәсекелес ортаға берудің 5 тәсілі айқындалған, олар толық немесе ішінара беруді көздейді.

Толық беру кезінде қызмет тек функцияларды пайдаланушылардың есебінен жүзеге асырылады, не толығымен өз-өзін реттейтін ұйымға өтеді. Бұл жағдайда фунция заңнамалық түрде мемлекеттік органның құзыретінен шығарылады. Ал ішінара беруге қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын аутсорсинг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік тапсырма арқылы функцияларды іске асыруға беру тәсілдері жатқызылған. Аталған тәсілдер қолданыстағы заңнамамен реттелгендіктен, заң жобасында мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңдарға және бюджет кодексіне сілтеме нормалар көзделген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT