Меморгандардың есептілігін одан әрі күшейту мәселесі талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын» дамытудың жаңа тәсілдерін қарастыру бойынша кеңес өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңесте Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Картаны іске асыру тәжірибесі Мемлекет басшысымен сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды және адами факторды жоюға мүмкіндік беретін цифрлық шешім ретінде оң бағаланғанын атап өтті.

О. Бектеновтың айтуынша, Карта кез-келген басқа цифрлық шешім сияқты, әсіресе оның алдын-алу құрамын күшейту бөлігінде үнемі жетілдіруді қажет етеді.

Қаржы және цифрлық даму министрліктері өкілдерінің ақпаратына сәйкес, Картаны мемлекеттік сатып алу және «Электрондық үкімет» порталдарымен одан әрі ықпалдастыру мүмкіндігі бар.

Осылайша, бюджеттік деректерді алу процестерін автоматтандыру, адами факторды болдырмау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің картаны пайдаланушылардан келіп түсетін шағымдарды қарау үшін жауапкершілігін күшейту көзделеді.

Кеңес нәтижесінде қатысушылар сарапшылық қоғамдастық пен азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, Картаны жетілдіру бойынша арнайы жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар