Меморгандардың бірінші басшылары экономиканы әртараптандыру жұмыстарын күшейтуі қажет - Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Күрделі геосаяси жағдайларға байланысты түрлі факторлар мен даму сценарийлеріне дайын болуымыз керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«6 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі макрокөрсеткіштердің өсуі Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр. Сондай-ақ, өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі Ақтөбе облысында – 8,4, Қарағанды облысында – 7, Қызылорда облысында – 1,7, Батыс Қазақстан облысында 1 пайызға жуық төмендеп кеткен. Ал, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында негізгі капиталға салынған инвестициялардың төмендеуі байқалып отыр», - деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Премьер-Министр аталған өңірлер жыл аяғына дейін жағдайды түзетуі тиіс екендігін баса айтты.

«Жалпы біз осы жылдың соңына дейін экономиканың ең кемі 5 пайызға өсуін қамтамасыз етуіміз қажет. Экономиканың орнықты өсуі халықтың тұрмыс сапасын одан әрі жақсартуға оң ықпал етеді. Сондықтан, біз күрделі геосаяси жағдайларға байланысты түрлі факторлар мен даму сценарийлеріне дайын болуымыз керек. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары экономиканы әртараптандыру және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты күшейтуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Осыған дейін Үкіметтің Каспий су тұшыту зауытын кеңейтуге қосымша 5,6 млрд теңге бөлгенін хабарладық.


Соңғы жаңалықтар