Меморгандардың басшыларына «Ашық диалог» порталынан сауал жолдау қызметі жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ашық диалог» порталы арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына сауал жолдау қызметі жабылды. Бұл туралы электронды үкімет порталының әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық диалог» порталында блог-платформа сервисі арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына сұрау салу қызметі жабылғанын хабарлаймыз. Енді сіз «Е-otinish» арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүгіне аласыз», - делінген Instagram желісіндегі Еgov.kz парақшасында жарияланған хабарламада.

Мәлім болғандай, аталған өзгеріс «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң аясында енгізілген.

Электронды үкімет порталының дерегінше, «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немес өтініш берген азамат мемлекеттік орган шешім қабылдаған уақытқа дейін өз пікірін білдіре алады. Ал тиісті құзырлы органнан жауап алған соң, оған баға беруге болады.


Соңғы жаңалықтар