Меморгандардың ақпаратына қолжетімділікке сараптама жасалады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейін анықтау үшін сараптама жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министр не әкім, басқарманың басшысы маңызды емес, әрбір басшы өзінің барлық стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің халыққа мәлім болғандығына мүдделік танытуы тиіс. Халықтың қатысуы және жұмылдырылуы – бұл сол немесе басқа істің, сол не басқа бағдарламаның табысы», - деді министр.

Оның атап өтуінше, ақпаратқа қолжетімділікке шектеудің болмауы бірінші басшыға байланысты.

«Осы орайда бұл режимнің қаншалықты созылатындығын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі айқындамайтындығын атап өткім келеді. Вирусты ешкім ойлап тапқан жоқ. Бүкіл әлем қазір қолайсыздықты бастан кешіруде. Дегенмен, ақпаратқа қолжетімдікке қатысты айтар болсам, өткен жылдың соңында Президент Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңға түзетулерге қол қойды. Онда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл салаға өкілетті орган ретінде айқындалды. Бұл түзетулер барлық мемлекеттік органда ақпаратқа қолжетімділік үшін жауапты бөлімшенің жұмыс істеуін немесе нақты қызметкердің айқындалуын көздейді. Егер ақпаратқа қолжетімділік жайында айтар болсақ – бұл нормативтік-құқықтық актілердің ашық порталы, ашық бюджеттер, бірінші басшылардың жеке блогтары, мемлекеттік органдар сайтының тиімді жұмысы. Біз мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейін анықтау үшін сараптама жүргіземіз. Қорытындысында Президент атына сараптамалық баяндама дайындайтын боламыз. Бұл осы бағытта бірінші басшылардың жауапкершілігін арттырады»,- деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар