Мемлектетік сатып алу туралы жаңа заңның жобасы Парламентке күзде түседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлектетік сатып алу туралы жаңа заңның жобасы қандай проблемаларды шешуге бағытталғанан атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Ол сатып алынатын жұмыстардың, тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға, процесті жеңілдетуге және сатып алу рәсімдерінің икемділігін арттыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған», - деді министр.

Қаржы министрі заң жобасын биыл күзде Парламенттің қарауына енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

«Мемлекеттік аудиттің электрондық сегментін кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бұл ретте тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдіріліп жатыр. Оған жаңа 68 тәуекел индикаторы енгізілді және квазимемлекеттік сектордың 8 мың субъектісі бойынша мәліметтер алынды», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Ведомство басшысы бюджетті онлайн режимде мониторингілеу жобасы іске асырылып жатқанын, сол арқылы мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудағы тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылатынын айтты.

«Бұл бізге бюджетті жоспарлау деңгейінде камералдық бақылауды енгізуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар