Мемлекеттің қазіргі таңдағы басты мақсаты - науқастар санын азайту – ҚСЗИ сарапшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік-саяси зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Айдана Акесина карантинді ұзарту туралы биліктің шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлер арасындағы автобус қатынасын тоқтату, қалалардағы қоғамдық көліктердің жұмысын шектеу, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, жабық базарлардың, сұлулық салондарының, кинотеатрлардың, діни нысандардың қызметін тоқтату секілді енгізілген шектеулердің арқасында бүгінде стационарлардың жұмысы 43 пайызға, реанимациялық палаталардың жұмысы 27 пайызға, сондай-ақ жедел жәрдем шақыртушылардың саны азайғаны белгілі болды», - деді Айдана Акесина.

Оның айтуынша, жекелеген жерлерде адамдардың топтасып жүруі, мәдени байланыстың жоғары деңгейі сияқты әлеуметтік факторлар біздің қоғам үшін қосымша қауіптер туғызады.

«Сондықтан 3 тамыздан бастап қатаң карантинді ұзарту, ең алдымен, енгізілген шектеулердің оң әсерін «нығайтуға» және болашақта аурудың қайтадан өсуіне дайын болу үшін қажет. Осы уақыт ішінде өңірлерде дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорлары құрылды, ал стационарларда Covid-19 емдеуге арналған дәрілердің бір айлық қоры құрылды. Қазіргі уақытта мемлекетіміз вирустың көбею деңгейін және денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын азайту мәселесіне басымдық беріп отыр. Бұл ауруханаға шұғыл жатқызуды қажет ететін әрбір науқасқа уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті сарапшы.

Ол бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың оң қарқыны байқалған елдерге, мысалы Германия, Испания, Қытай және басқа да елдерге вирустық инфекцияның қайта өршіп жатқанын атап өтті.

«Бұл вирустың еш жерде мүлдем жоғалып кетпейтінін тағы бір рет еске салады. Тек үкімет енгізген шектеу шаралары мен азаматтардың өзін-өзі тәрбиелеуінің арқасында аурудың таралу деңгейі баяулайды. Күн сайын адамзат Covid-19 вирусымен ауырғандардың ауруының асқынуы түріндегі оның жаңа қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді салдары туралы біледі. Бұл оның популяция үшін қауіптілігін жауапкершілікпен қабылдау қажет екенін тағы бір рет растайды»,- деп түйіндеді А. Акесина.

Автор: Азамат Сыздыкбаев


Соңғы жаңалықтар