Мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы саясаты жаңа деңгейге шығады - Ж. Досқалиев

None
None
АНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Біздің елімізде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қазақстандықтардың өмірін жақсарту мен елдің бәсекелік қабілетін арттырудың  қажетті алғышарты ретінде айрықша көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөздерінде медициналық қызметтің сапасын арттыру және жоғары технологиялық жүйелерді дамыту туралы бірнеше рет тапсырма да берді. Бұл турасында  «Нұр Отан» ХДП -ның  бағдарламалық құжаттарында да айтылған.  Атап айтқанда, партияның Халықтық тұғырнамасында денсаулық сақтау саласының бюджеттік шығыстарын айтарлықтай ұлғайту міндеті қойылған. Осы және басқа да жоспарлардың қалай атқарылып жатқандығы туралы ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев айтып берді.

 - Жақсылық Ақмырзаұлы, Сіз бүгінгі таңдағы қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің ахуалын қалай бағалайсыз? Оның жағдайы еліміздің әлеуметтік-экономикалық жалпы деңгейіне қаншалықты сәйкес келеді?

 - Денсаулық сақтау жүйесінде шешілмеген проблемалар жоқ деп айтсақ дұрыс болмас еді. Проблемалар жеткілікті, оның үстіне біз Қазақстан сияқты серпінді дамып отырған мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Бүгінде ел алдына үлкен міндет - бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне қол жеткізу міндеті қойылып отыр.

Мемлекеттің әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері үлкен. Сондықтан да ол көрсетілетін барлық қызметтердің, соның ішінде медицина қызметінің де барлық жағынан талапқа сай болуын қажет етеді.

Айталық, Бүкіләлемдік форумның рейтингілік бағалау нәтижелеріне қарағанда, елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі индикаторлар бойынша Қазақстан 2008 жылы балалар өлімі жөнінен - 87-ші орынға, туберкулездің таралуы бойынша - 94-іншы орында, АҚТҚ таралуы көрсеткішінен - 23-інші және адам өмірінің күтіліп отырған ұзақтығы мәселесінде - 101-інші орында болды. Бұл саланы одан әрі реформалау жөнінде қосымша шаралар алу қажеттігін көрсетеді. Бүгінде Қазақстан денсаулық сақтау қызметінің алдына халыққа медициналық қызмет көрсетуде ең озат әлемдік стандарттарға сай келетін, денсаулық сақтау ісіне азаматтардың да ынтымақтаса қатысуын қамтамасыз ете отырып,  сапалы жаңа деңгейге тезірек шығу міндеті қойылып отыр.

Бүгінгі қоғамның барлық талап-тілектеріне жауап бере алатын денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру қазақстандықтардың жеке және қоғам денсаулығы көрсеткіштерінде нақты оңды ілгерілеуге қол жеткізуге бағытталған бір-бірімен өзара байланысты стратегиялық міндеттердің тұтас кешенін шешуді көздейді. Мұның арасында алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек жұмысы, ана мен бала денсаулығын қорғауды тиімді ұйымдастыру да бар. Біз халықтың әлеуметтік-маңызды сырқаттарға ұшырау деңгейін төмендетуге, халықты жаппай иммундау шараларына тартуға  барынша күш жұмсауға тиіспіз. Бұдан басқа, медициналық көмек көрсетуде халықаралық стандарттарды енгізу, біртұтас денсаулық сақтау  ақпараттық жүйесін құра отырып, саланы ақпараттандыру қажет. Бұл қайта құрулар, сонымен қатар, медициналық білім берудің құрылымын өзертпей және  сапасын артттырмай мүмкін емес. Олар жүйелі сипатта бір-бірімен өзара байланысты және Қазақстанда бәсекеге қабілетті, жоғары тиімді денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруды қамтамасыз ететін  біртұтас идеологияға біріккен. 

Бүгінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты, соның ішінде денсаулық сақтау саласының қызметі түпкілікті нәтижеге, яғни қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталуымен сипатталатын жаңа деңгейге шықты. 

- Мәжіліс депутаты ретінде Сіз Үкімет атына, соның ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселелері бойынша әлденеше рет сын айттыңыз. Атап айтқанда, бұл саланы қаржыландыру жеткіліксіз екендігі туралы 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюджетті талқылау кезінде де дабыл қақтыңыз. Сіз бюджеттің тегін медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету, дәрігерлердің еңбекақысын көтеру бөлігіне қатысты өлшемдерін қайта қарауға қол жеткізуге ниеттісіз бе?

- Әлемдік конъюнктураға қарамастан, биылғы жылы денсаулық сақтау шығындарына республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 54 пайызға ұлғайып, 185,9 млрд.теңгені құрады.

2009 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге республикалық бюджеттен қосымша 15,7 млрд. теңге шығындар бекітілді, оның ішінде мына бағыттар бар:

гематологиялық ересек сырқат адамдарды химиялық препараттармен қамтамасыз ету;

миокард инфарктісіне ұшыраған ауруларды тромболиттік препараттармен қамтамасыз ету;

гемофилия сырқаттарына  (гемофилия В ауруларын қоса есептегенде) ұшыраған ересектердің қанын ұйытатын факторларды қамтамасыз ету;

ауданнан ауылдарға дейінгі деңгейдегі салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларының географиясын кеңейту мақсатымен кезең-кезеңімен аймақтық (қалалық, аудандық) салауатты өмір салтын қалыптастыратын орталықтар құру;

кепілдендірілген тегін медициналық көмекті қаржыландыру шығындарын облыстардан орта аймақтық деңгейге дейін кезең-кезеңімен жеткізу;

еңбекке теңдестірілген ақы төлеу (психоэмоциялық жүктемелер үшін үстеме алушылардың тізімін кеңейту);

жүректің ишемиялық ауруларымен сырқаттанатын адамдар үшін диагностикалық қызметтермен қатар коронарлық-графикалық зерттеулер жүргізу.

Бұл шараларға министрлік 2010-2012 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдер құрамында  2010 жылға 27 млрд. теңге сұрап отыр.  

Бұдан басқа Үкімет қаулысымен биылғы жылдың ақпанында  туберкулезге қарсы аудандық мекемелердің қызметкерлеріне, неонатологиялық, гематологиялық бейіндегі мамандарға, дүниеге келген нәрестелердің физиологиясы және патологиясы, шала туған сәбилерді күту бөлімдерінің медбикелеріне, хирургиялық медбикелерге және гематологиялық ауруларға химиялық терапия қызметін жүзеге асыратын медбикелерге  үстемелер белгіленді.

- Сіз сөйлеген сөздеріңіздің бірінде кеңестік кезеңмен салыстырғанда, қазақстандық дәрігерлер заманауи медициналық техникалар мен жабдықтарды пайдалануға жақсырақ даярланған дегенді айтып қалдыңыз. Алайда соңғы кездері мемлекеттік медицина мекемелерінде қымбат жабдықтар олармен жұмыс істейтін мамандар болмауымен байланысты бос тұрып қалды деген біраз хабарлар болды. Мұндай жағдайдың орын алуына не себеп?

- Ағымдағы жылдың басында ұйымдастырылған және медициналық техника паркінде жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша бос тұрып қалған медициналық жабдықтардың жалпы санының ішінде арнайы даярлықтан өткен мамандардың болмауы себебінен пайдаланылмаған жабдықтар 14,9 пайызды құрайды. Мұндай тәртіп бұзушылықтар анықталған фактілер бойынша, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ведомстволардың  басшыларына бос тұрып қалған медициналық жабдықтарды іске қосу немесе қайта бөлудің кезек күттірмейтін шараларын алу және қабылданған шаралар жөнінде министрлікке тиісті ақпарат ұсыну жөнінде тапсырмалар берілді.

Медициналық техникалардың ішкі аудиті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларында, Денсаулық сақтау министрлігіне бағынышты ведомстволарда бұдан былай да тұрақты түрде жұмыс топтарын құру арқылы  жүзеге асырылып отыратын болады.

 - Жақында Сіз Мәжіліс депутаттарына «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жобасын ұсындыңыз, онда кейбір ережелер фармацевтикалық нарықтағы бәсекелестікті шектеуге тырысушылық сияқты түсіндіріледі. Бұдан басқа,  үстіне едәуір үстеме қосып сататын дәрі-дәрмекпен сауда жасайтын дәріханалардан лизенцияларды қайтарып алу қажеттігі туралы Сіздің айтқан пікірлеріңізді естіп жүрміз. Бұған дейін фармацевтикалық өнімдер саудасындағы пайданы нормалау туралы бұрын айтылғанын естімеген едік. Мұндай шараларды қолға алуға қандай заңнамалық негіз бар?

- Теңгенің девальвациясынан кейін біз дәрі-дәрмек препараттарына баға шұғыл шарықтап кетпеуіне жол бермеуге тырыстық. Бұл орайда барлық облыстарда және республикалық маңыздағы  қалаларда бағаны ұстап тұру үшін әкімдер, дәрілік препаратты өндірушілер, жеткізушілер және дәріханалар арасында меморандумдар жасалды.   

Меморандум аясында отандық өндірушілер өндірілетін өнімдердің құнын көтермеуге, ал шетелдік өндірушілер - кепілді тегін медициналық көмек ауқымында сатып алынатын препараттарға қосымша жеңілдіктер жасауға өздеріне міндеттемелер алды.

Министрлік әлеуметтік жағынан әлжуаз халық жіктері неғұрлым жиі қолданатын препараттардың тізімін (100 атау) жасап, оларға баға белгіленді және ол  келісілді.

- Сіз әлеуметтік-маңызды аурулардың, сәбилер өлімі жоғары болуының алдын алуда мемлекеттің қабылдап отырған шаралары жеткіліксіз екенін әлденеше рет айттыңыз. Бұл саладағы жағдайды жақсарту үшін не істеліп жатыр?

- Бүгінгі таңда біз бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді, соның ішінде әлеуметтік-маңызды аурулардың тізімдерін қайта қарауды көздейтін ведомствоаралық жұмыс тобын құрдық. Егер халықаралық стандарттар жөнінде айтатын болсақ, мұндай құжат жоқ. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар дейтін түсінік бар, тіпті жоғары дамыған мемлекеттердің өзі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуді мойнына алып отырған жоқ, өйткені бұл өте көп шығындарды қажет ететін норма. Алайда біздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз 3-4 бағыт бойынша ғана әлеуметтік-маңызды аурулар тізімін сақтаймыз, олар - туберкулез, ЖҚТБ/АҚТҚ, жыныстық жолмен таралатын жұқпалы аурулар және С және В вирустық гепатиті болуы мүмкін, өйткені аурулардың бұл санаты ұзақ уақыт бойы емделеді және әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етеді. Құжат әкімдерге бұл үшін қаржы қарастыруға мүмкіндік береді.

Республикадағы сәбилер өлімі көрсеткішіне болашақ ата-аналардың денсаулығы, олардың өмір салты, білім дәрежесі, жүктілік кезеңінің өтуі, тамақтану жағдайы, қоршаған ортаның сыртқы зиянды факторларының әсері, алкогольді, есірткі заттарын пайдалануы сияқты және басқа да әлеуметтік проблемалар едәуір дәрежеде ықпал ететіні сөзсіз.

Елде әлеуметтік жағдайды жақсартуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге және халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мемлекеттік және салалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау министрлігі 2005 жылдан бері ана мен баланың денсаулығын жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті одан әрі дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі және басқа да шаралар көзделген мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, 2008 жылы ана мен бала өлімін азайтуға бағытталған салалық бағдарламаны іске асыру басталды. Өткен жылдың желтоқсанында «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң қабылданды, бүгінде мемлекеттік органдар заңға қатысты заңнамалық актілерді жасап, жүзеге асыруда.

- Сіз елімізде әртүрлі емшілердің өз қызметін кедергісіз жүзеге асыруына қалай қарайсыз, олардың көпшілігі азаматтардың діни сезімдерін саудаға салады?

- Халық емшілерінің қызметі 1997 жылы «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Заң шығуымен алғаш рет тәртіпке салынды.

Бүгінгі таңда заң бойынша халық медицинасы (емшілік) әдістерімен емдеуге жергілікті денсаулық сақтау мемлекеттік басқару органдары берген тиісті лицензиясы, медициналық білімі бар адамдар  құқылы. Бұдан басқа ерекшелік ретінде халық медицинасы (емшілік) әдістерімен емдеуге лицензия медициналық білімі жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен беріледі.

Арнайы медициналық білімі жоқ, емшілікпен айналысқысы келетін адамдардың лицензия алу үшін Медициналық қызмет көрсету саласына бақылау жөніндегі комитет берген тиісті куәлігі болуы тиіс.

Медициналық білімі жоқ үміткерлер куәлік алу үшін өздерінің емдеу әдістерін жергілікті денсаулық сақтау органдары (департаменттер) белгілеген медицина ұйымдарында 6 ай бойы мақұлдаудан өткізулері қажет.

Мақұлдаудан өтуден кейін халық емшісі куәлігін алуға үміткерлер қолданыстағы заңнамамен белгіленген бірқатар құжаттарды ұсынады. Емшілікпен айналысуға куәлік алғаннан кейін лизенция алу қажет. Бұл мәселедегі ең үлкен проблема лизенциясы жоқ, яғни біліктілік талаптарына сай емес емшілердің қызметі болып отыр. Мұндай емшілердің қызметі қауіпті, өйткені олардың көп жағдайда денсаулық және патология нормаларынан хабары жоқ, алғашқы медициналық көмек дағдыларын меңгермеген және ауыр науқастарды, кейде жазылмайтын ауруларды емдеуге тәуекел етеді.   Олар көбіне өздерінің емдеу әдістері барлық ауруларды жазады деп жарнамалап жатады, мұндай арбау халықтың белгілі бір жіктеріне әсер етеді.

Заңнама талаптарын білмей әрі емдеуге құқығы жоқ емшілер жүйке ауруларына, онкологиялық және жұқпалы ауруларға ұшыраған жандарды емдеуге тырысады. Ақырында диагностика мен емдеуді бастайтын қымбат уақыт жоғалады. Ақыр соңында олардың емделушілері медициналық мекемелерге ауру әбден асқынып, көмектесудің өзі қиынға соғатын жағдайда келеді.

Мен халықты осындайлардан сақтандырғым келеді. Емшілерге қараларда лизенциясы, медициналық білімі немесе ерекше жағдайларда білімі жоқ адамдарға берілетін куәлігі бар ма, соған көз жеткізіп алу қажет.

Бүгінде министрлік халық емшілерінің қызметі туралы қолданыстағы нормативтік базаға өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтуге тиіспін.

Халықтық медицина одан әрі дамуы тиіс, біз ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлі әдістер мен дағдыларды  танымай, ысырып тастауға тиіс емеспіз. Бүгінде көптеген жоғары дамыған елдерде тибет, қытай және басқа да халықтық медицина тәсілдерін зерттейтін орталықтар ашылуда. Сіздің айтуыңыз орынды, өкінішке қарай, емшілікті саудаға айналдырып жүрген дүмше адамдар аз емес, дегенмен, мүдделі органдармен бірлесе отырып, біз мәселені шеше аламыз және олардың қызметіне бақылау күшейтілетін болады деп ойлаймын.

- Жақында көптеген азаматтар діни сенімдеріне орай   өз балаларын ектіруден бас тартады деп хабарланды, сөйтіп олар жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупіне соқтыруда. Заңнамада діни сенімдегі адамдардың қазіргі медицинаға сенбеуді уағыздаушылар үшін қандай жауапкершілік көзделген?

- Вакцинация арқылы жұқпалы ауруларды және олардың өлімге соқтыруын азайтуда көп нәрсе істелді. Соңғы 10 жылда В гепатитімен ауру халық арасында 4 есе азайды, осы инфекцияға қарсы егілген балалар арасында 52 есе азайды. Жұқпалы аурулар дәрігерлері соңғы жылдары балалардағы В гепатиті клиникасын ұмыта бастағанын айтып жүр, өйткені соңғы жылдарда В гепатиті балалар арасында сирек кездеседі. Қызылшамен ауру - 72 есе, дифтерия - 3,6 есе, эпидемиялық паротит - 13 есе, 2002 жылы екінші рет егуді енгізгеннен кейін паротитпен ауру - 37 есе төмендеді, көкжөтелмен аурудың тұрақты түрде төмен деңгейі байқалуда,  сіреспенің бірен-саран оқиғалары тіркеліп отыр, 1995 жылдан бері полиомиелит ауруы болған жоқ.

Қол жеткен табыстардың арқасында инфекциялардың ауыр түрде өтуін ұмыта бастадық. Бізде бәрі ойдағыдай сияқты алдамшы көңіл-күй қалыптасты. Соған сәйкес бізге осы вакцина керек пе, ол қауіпсіз бе, деген сұрақ туындады.

Алдын алу медицинасының әлсіз жақтарының бірі осы вакцинация болып отыр, оның себебі халық арасында, әсіресе ата-аналар арасында жүргізілетін түсінік жұмыстары жеткіліксіз. Осындай жағдайды егуге қарсы қозғалыстың жақтаушылары ұтымды пайдалануда, олар Интернетті оған қарсы акпараттармен толтыруда, бірқатар облыстарда дискілерді, жазбаларды, баспасөз материалдарын медицина ұйымдарына таратуда, онда ата-аналарды егілуден бас тартуға шақырады.  

Шынында да, жыл сайын 900-1000 ата-ана өз балаларын ектіруден бас тартады, бұл 14 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 0,03 пайызын құрайды.

Егуден өтпеген бала үнемі жұқпалы ауруларға шалдығу қаупіне ұшырайды, оған қарсы қорғанудың тиімді амалы - егілу ғана екенін есте ұстау қажет.

Бұдан басқа егілуден немесе өз балаларын ектіруден бас тартқан азаматтар өз әрекетімен қоғамды қауіпке ұрындырады, өйткені жұқпалы аурулардың ірі ошағы пайда болса, ең алдымен егілмеген адамдар оның құрығына ілігеді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдар оның қоздырғышын бойында сақтап, халық арасында таратудың көзіне айналады. 

Республиканың қолданыстағы заңнамасында егуден бас тартқан азаматтарға қатысты жауапкершілік шаралары көзделмегенін айта кеткім келеді.

Соңғы жаңалықтар