Мемлекеттің бағалы қағаздары бойынша әлемдік жүйе арқылы есеп айырысуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша Clearstream халықаралық жүйесі арқылы есеп айырысуға мүмкіндік беретін жоба іске асырылуда. Бұл туралы Ұлттық банктен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ұлттық банкі Clearstream-мен бірлесіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын Clearstream жүйесінде есептелетін бағалы қағаздар тізіміне қосу бойынша жобаны іске асыруда. Қазіргі кезеңде байланыс каналын қазақстандық нарықпен қосу бойынша соңғы шаралар жүргізілуде. Жобаны 2018 жылдың шілде айында қосу жоспарлануда», - делінген ҰБ хабарламасында.

Бірлескен жобаның іске қосылуы қазақстандық заңнама аясында теңгемен шығарылған барлық мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша Clearstream халықаралық жүйесі арқылы есеп айырысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қазақстандық қор нарығына қолжетімділігін кеңейтеді. Жүйенің іске қосылуы сонымен қатар шетелдік инвесторлардың Қазақстанның мемлекеттік облигацияларына сұранысты арттырып, олардың сыртқы нарықтағы тартымдылығына оң әсерін тигізеді.

Жалпы бұл жоба жергілікті нарықтың инфрақұрылымын дамытуға, оның әлемдік инвестициялық ортада танылуына арналған. Қазақстандық нарыққа инвесторларды тартудың сәтті жолдарының бірі отандық нарық мүмкіндіктерін сапалы жарнамалау болып табылады. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар 2018 жылдың 18-19 сәуірі аралығында Лондонда өткен конференцияда жасалды. Онда ҚР Ұлттық банкі мен «Қазақстандық қор нарығы» АҚ отандық нарықтың таныстырылымын жасады.

Ал үстіміздегі маусым айының 27-сі күні Ұлттық банк Блумберг пен Clearstream компанияларымен бірлесіп Лондон қаласында шетелдік итнвесторлар үшін «Investment opportunities in Kazakhstan» арнайы конференция өткізбек. Ол жаңа желінің іске қосылуына арналатын болады. 

Соңғы жаңалықтар