Мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі тәсілдер әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі тәсілдер әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту» бағытында 3 іс-шара іске асырылады.

«Мемлекет мүдделерін, қоғам сұраныстарын және медиа саланың даму үрдістерін ескере отырып, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау жоспарлануда. Реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен сарапшыларды кеңінен тартуға бағытталған мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі тәсілдер әзірленетін болады. Қазақстан Республикасы Презинтінің жағындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жағастыру үшін жалпыұлттық деңгейде жаңа Ұлттық құрылтай институты құрылады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар