Мемлекеттің әр тиыны нәтижелі және тиімді жұмсалу керек - Нұрлан Нығматулин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Үкіметтің және Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасымыз айтқандай, «мемлекеттің ақшасы - ол халықтың ақшасы». Сондықтан, оның әрбір тиыны нәтижелі және тиімді жұмсалу керек. Бұл біздің жұмысымыздың ең негізгі бағыттарының бірі. Осы жолда бүгін өзіміз куә болғандай, атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Бірақ та, кейбір кемшіліктер әлі де бар. Оның барлығы бүгінгі талқылау кезінде айтылды. Сонымен бірге, депутаттарымыз көптеген ұсыныстарды да жеткізді. Алдағы жұмыста Үкімет те, Есеп комитеті де осы ұсыныстарды ескеру қажет деп есептейміз, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, талқылау барысында депутаттар Елбасының бюджет қаржыларын жоспарлы жұмсауға байланысты тапсырмасын басшылыққа алды.

Атап айтқанда, жалпы отырыс барысында есепті талқылау бірнеше сағатқа созылды. Осы ретте өткен жылғы бюджеттің атқарылуының жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты айтылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұрлан Нығматулин Қазақстанның мамандары атқара алатын жұмыстарға шетелдік кеңесшілерді шақыртуды доғару керектігін айтты. 

Сонымен қатар ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім осы жылдың тамыз айында Blockchain технологиясын қолдану арқылы жаңа жобаның тұсаукесері өтетінін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар