+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікте қандай талаптарға екпін қойылады

2019 жылғы 22 шілде 15:00
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікте қандай талаптарға екпін қойылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қолдау шарларынсыз жобаларға екпін қойылады. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрғасының орынбасары Айдос Көбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да «Бастау» мен «Жас кәсіпкер» түлектері жобаларының көрме-жәрмеңкесі өтті Ақтөбелік өнертапқыш тауарларын өткізе алмай жүр Маңғыстаудағы ауылда балалар киімін тігетін цех ашылды

«620 жоба (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) дайындық кезеңінде тұр, олар шамамен 1 трлн теңгеге бағаланды. Айта кетейік, бүгінде негізгі екпін мемлекеттік қолдау шараларынсыз іске асырылатын жобаларға қойылып отыр. Сондықтан аталған 620 жобаның арасында басым бөлігі тариф есебінен пайда түсіруге негізделген», - деді А. Көбетов Үкімет үйінде тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бөлек ол проблемалық жобалар туралы айтып берді.

«Ірі жобалардың ішінде проблемалық нысандар жоқ, алайда жергілікті жерлерде тиісті себептермен тоқтаған жобалар бар», - деді А. Көбетов.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мемлекеттік- жекешелік әріптестік саласында қанша жоба іске асырылып жатқанын мәлім етті.

«1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестікте 565 жоба бекітілді. Оның сомасы 1,2 трлн теңгеге жетті. Соның 9-ы республикалық жоба болса, қалған 556-сы өңірлерге тиесілі», - деді М. Такиев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT