Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жұмысы жаңа форматта ұйымдастырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстандық МЖӘ орталығы» өз жұмысын жаңа форматқа сәйкес ұйымдастыруы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоспардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша әлеуетті инвесторларды хабардар ету үшін ауқымды жұмыс жүргізу керек. Осыған байланысты «Қазақстандық МЖӘ орталығы» өз жұмысын жаңа форматқа сәйкес ұйымдастырып, инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша МЖӘ жобаларын қалыптастыру және оларды сүйемелдеу орталығына айналуы қажет», - деді Асқар Мамин

Осы орайда Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке тиісті ұсыныстар енгізу тапсырылды.

«Экономиканы қарқынды дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әртүрлі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға жеке инвестициялар тартудың аса маңызды көзі болып саналады. Әлихан Асханұлы, бұл бағытта үйлестіру бақылау шаралары сізге жүктеледі», - деп А. Мамин Үкімет басшысының бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа қарата айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар