Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының құны 3,5 трлн теңгеге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының негізгі бөлігі білім беру және денсаулық сақтау салаларына тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жалпы саны 1253 болды және олардың құны 3,5 трлн теңге көлемінде. Оның ішінде 1,6 трлн теңгеге 615 шарт жасалды, сондай-ақ 1,9 трлн теңгеге 638 жоба дайындау сатысында», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, салалар бөлінісінде жобалардың ең көп бөлігі білім беру және денсаулық сақтау бағыттарына тиесілі. Одан кейінгі орында мәдениет, спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық салаларында МЖӘ жобалары іске асырылуда.

«Қомақты капиталды қажет ететін жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика және түрғын үй-коммуналдық салаларында», - деді ведомство басшысы.

Р. Дәленовтің атап өтуінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті ары қарай жетілдіру үшін барлық рәсімдерді электронды форматқа ауыстыру ұсынылуда. Процесті цифрландыру мақсатында жоспарлау, тендерлік рәсімдерді, қорытындыны, тіркеуді, шартты орындауды электронды тәртіптіке көшіру көзделген. Бұл жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталымен интеграциялау жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгін ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға қатысты тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар