Мемлекеттік-жекешелік әріптестік: Рейтингі жоғары 4 облыс анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытында қай өңірлер алда келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство басшысы жасалған шарттар саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы және Алматы қаласы бірінші орында тұр. Жалпы, 4 негізгі өлшемшарт бойынша аймақтардың рейтингісі көрсетілді. Бұл тұрғыда жасалған шарттардың саны, бюджеттен төлемсіз іске асырылатын жобалар, құзыреттілігі бойынша, сондай-ақ инвесторлар үшін ақпараттың ашықтығы ескеріліп отыр.

«Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Қостанай облыстарының рейтингі жоғары екенін атап өткен жөн. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Шымкент қаласында көрсеткіш төмен. Экономиканы дамыту үшін саны емес, сапасы маңызды. Министрлік жобалардың 3 санаты бойынша талдау жүргізді. I санат - жекеше әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толық өтеу. II санат - инвестицияларды бюджет есебінен және нарықтан көрсетілетін қызметтер есебінен ішінара өтеу. III санат - бюджеттен қайтарусыз іске асыру. Өтеу көрсетілетін қызметтер есебінен жүргізіледі. Осылайша, бюджеттен ең төменгі өтеуді талап ететін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамыту қажет деп санаймыз. Бұл бюджетке түсетін жүктемені алады және инвестицияны көп тартады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жобалар пулы біркелкі бөлінген. Сонымен қатар, толық өтелетін жобалар, ішінара өтелетін жобалар да бар. Бұл ретте, 946 млрд теңге инвестиция тартылған 372 жоба бойынша бюджеттен өтеусіз және ішінара өтелетін жобалар бар.

«Осылайша, бюджетке ең аз жүктеме түсетін инвестициялар тарту үшін бюджеттен өтеусіз (II-ІІІ санат) немесе барынша аз өтелетін жобаларға көңіл бөлу қажет деп санаймыз», - деді Р. Дәленов.

Соңғы жаңалықтар