Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жобалардың құны 3 трлн теңгеге жақындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытында республикалық деңгейде 25 жоба қамтылды. Бұл турады Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы инвестиция тарту ұлғайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің өсуіне 0,2 пайыз деңгейінде үлес қосты. 1 мамырдағы жағдай бойынша жобалардың жалпы саны 1 285-ті құрайды, құны 2,9 трлн теңге. Оның ішінде 1,5 трлн теңге сомасына 548 шарт жасалды. Дайындық сатысында 1,4 трлн теңгенің 737 жобасы бар. Инвестиция көлемі жағынан ең үлкен жобалар көлік инфрақұрылымы, энергетика және телекоммуникация саласында іске асырылуда», - деп тоқталды министр.

Осы орайда жобалардың көбісі білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт салаларына тиесілі.

«Республикалық деңгейде 25 жоба бар, оның ішінде 9 жоба бойынша шарт жасалды. Конкурс сатысында 2 жоба және жоспарлау деңгейінде 14 жоба қамтылды. Жасалған шарттар саны бойынша Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласы бірінші орында тұр», - деді Руслан Дәленов.

Соңғы жаңалықтар