Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобалар міндеттеме жүктейді -комитет

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобаларға тартылған инвестицияның әр теңгесі міндеттеме жүктейді. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазірді таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 800 жоба іске асырылып жатыр. Олар бойынша өңірлер мен республиканық ортақ қарызы 1 трлн 600 млрд теңгеге жетті. Жалпы сомасы 1 трлн теңгеден асатын 150-дей жоба тағы пысықталып жатыр. Бұған дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобалардың тиімділігіне жүргізілген бағалауға сәйкес, инвестиция ретінде тартылған 1 теңгеге 2,1 теңгеге мемлекеттік міндеттеме келеді. Көптеге жобалар бойынша мемлекеттік міндеттеме жоба құнын толықтай жауып тұр. Яғни, мемлекет жеке меншік кәсіпорындардан құнын қолдан қымбаттатылған жобалар үшін қарыз алып отыр деген сөз», - деді Наталья Годунова.

Сондай-ақ ол сырттан қарыз алуға бастама көтерген басшыларды жеке жауапкершілігі күшейтілетінін атап өтті.

«Бұл жобалар бойынша алынған міндеттемелерді орындау кезінде мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеменің негізгі бөлігі 2023 және одан кейінгі жылдарға келеді. Биыл бюджеттен бұл міндеттемелерге төлем ретінде 158 млрд теңге бөлінсе, 2023 жылы 173 млрд теңге болады», - деді Наталья Годунова.

Айта кетейік, Парламенттің бүгінгі бірлескен отырысына Бірлескен отырысқа ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, Үкімет мүшелері қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар