Мемлекеттік-жекешелік әріптестік: Атырау облысында тағы екі көше жарықтандырылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде тағы екі көшені жарықтандыру жобасы іске асырылады. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көшені жарықтандыру желілерін салу ағымдағы жылы басталып, 2019 жылдың соңына дейін жалғасады.

Спикер өз баяндамасында 2017 жылдан бері «Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылысын салу және пайдалану» жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып отырғанын мәлім етті.null 

«Жобаны «БатысТранзит» АҚ жүзеге асырады. Оларда қазірдің өзінде табысты серіктестіктің тәжірибесі бар. Өткен жылы мекеме 19 көшеде жарық диодты шамдар орнатса, биылғы жылы тағы 20 көшеде жұмысты аяқтады.  Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша екі қосымша жоба аясында қаланың 192 көшесін жарықтандыру жоспарлануда. Сонымен қатар Атырау-Индер, Атырау-Доссор тас жолдары жарықтандырылады, - деп мәлімдеді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев.

Соңғы жаңалықтар