Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады

None
None
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолдану салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда талқылап, құжатты қабылдады.

Аталған құжат Мемлекет басшысының былтырғы қаңтардағы Жолдауын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту үшін жағдай жасау мақсатында әзірленген.

Заң қолданыстағы 8 заңнамалық актіге мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізуге байланысты өзгерістер енгізуді қарастырады. Бұдан бөлек, құжат келісімшарттық мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа үлгілерін енгізуді, әлеуметтік бағыты бар инвестициялық жобалар бойынша жеке сектор үшін тартымды жағдайлар жасауды көздейді.

Атап айтқанда, жеке меншік сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер жасалып, жекеше кәсіпкерлік дамытылады. Осы шараларды заңнамада іске асыру инвесторлар үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер мен жаңа табыс көздерін ашады. Капиталды қажет ететін ұзақ мерзімді инвестициялар үшін тартымды жағдай жасайтын болады.

Жалпы алғанда заң мемлекеттік-жеке меншік әріптестік барысында жобаларды іске асыру үшін капитал тартудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін құқықтық негіз жасауға ықпал етеді. Мұның өзі Қазақстан өңірлеріне оң әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізеді.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар