Мемлекеттік ұйымдарға балық өнімдерін сатып алу міндеттелмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда мемлекеттік ұйымдарға отандық өндірушілерден балық өнімдерінің кепілдік берілген көлемін басым тәртіппен сатып алуды міндеттеу керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда жан басына шаққанда балық өнімдері аз мәзірінде сирек кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір адам жылына кемінде 16 келі балық өнімдерін алуы керек. Елімізде бұл көрсеткіш 4 келіден аз.

Сондықтан бұл көрсеткішті арттыру қажет. Өз кезегінде көршілес Ресейде бір адам 23 келі, ал Қытайда 43 келі балық алады.

Сонымен қатар министр елімізде балықты тағам ретінде тиісті деңгейде елемеуі салдарынан, 2025 жылдан бастап балық өнімдерін өткізуде қиындықтар болуы мүмкін.

«Балық өнімдерін өткізу мәселесін заңнамалық деңгейде шешу үшін білім, денсаулық жүйесіндегі мемлекеттік ұйымдарын, ішкі істер, қарулы күштер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарын балықты тамақтану рационына енгізуді және отандық өндірушілерден балық өнімдерінің кепілдік берілген көлемін басым тәртіппен сатып алуды міндеттеу ұсынылады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар