Мемлекеттік Тудың авторы Ш. Ниязбековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 18 тамызда өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбековты ақтық сапарға шығарып салу 18 тамызда Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында өтеді. Бұл туралы қалалық Ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның өнер қайраткері, суретші Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы бүгін таңертең 76 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Қазақстандағы дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қазанда көне Тараз жерінде дүниеге келген.

Онжылдық мектепті Тараз қаласында бітірген соң, Ленинградтың көркемсурет училищесін, кейін В.И. Мухин атындағы сурет институтын бітіреді. Жас қылқалам иесі осы студенттік жылдарда архитектура әлемінің шедеврлері Эрмитажды, Петр Сарайын жаңғырту жұмыстарына қатысады. Біртуар суретші 1965 жылы Чехословакияда «Глобус» теледидарының дизайны үшін алтын медальға ие болды. Шәкен Ниязбеков сондай-ақ «Волга» жеңіл автокөлігі дизайны авторларының бірі. Бұдан бөлек ол 1964 жылы Ленинградта атақты «Әлемде бейбітшілік орнасын» («Миру мир») плакаты үшін бірінші орынды алған. Бертін келе, яғни 1982 жылы Алматыдағы Республика алаңын көркемдік безендіру байқауының жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар