Мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі комиссияның құрамы өзгереді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құрамының жаңа мүшелері бекітілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет өкімінің жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамында мынадай өзгерістер болады:

- ҚР Парламентінің Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары Споткай Максим Александровичтің орнына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Салқынбай Анар Бекмырзақызы;

- Ғылым комитетінің «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» кәсіпорнының мәдениет және тіл бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Әміржанова Назира Серікқызының орнына Ғылым комитетінің «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» кәсіпорнының бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Күдеринова Құралай Бимолдақызы;

- Мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Әділ Құрманжанұлының орнына жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смайыл Алдан Зейноллаұлы;

- «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Рожин Максим Николаевичтің орнына ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы.

Комиссияның жаңа құрамын бекітуді көздейтін Үкімет өкімінің жобасы 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Соңғы жаңалықтар