Мемлекеттік техникалық қызмет Ақпарат министрлігінен ҰҚК-ге берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік техникалық қызмет Ақпарат министрлігінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді. Мұндай қаулыға ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған өзгеріс ҚР Үкіметінің 27 шілдедегі №457 қаулысымен күшіне енді.

«ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің шаруашылық басқарудағы  «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  шаруашылық басқарудағы  «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп өзгертілсін», - деп жазылған қаулыда.

ҚР АКМ мен ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне ҰҚК-га орталық басқару жобаларын жүзеге асыруға арналған  телекоммуникация желілерін, Интернетке кіретін бірыңғай шлюзді, компьютерлік оқыс оқиғаларға жедел әрекет ету қызметтерін, ақпараттық жүйелердің мониторингтік орталығын өткізу туралы тапсырма берілді.

Аталған кәсіпорын ақпараттандыру саласында, электронды құжаттар мен элеткронды цифрлік қолтаңба, байланыс, телерадиохабар тарату саласында жұмыс жасап келеді.

Соңғы жаңалықтар