+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артады – Сенат спикері

2021 жылғы 15 қазан 12:35
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артады – Сенат спикері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет Экологиялық кодекстегі бағалаудың жаңа құралдары жайында мәліметтермен бөлісті Шикізаттық емес тауар экспорты 14 млрд долларды құрады - Сұлтанов ЕАЭО нарығындағы кедергілердің 80 пайызын жойдық

«Маңызды тұс – әлеуметтану саласында кадрларды дайындау. Бұл жерде де белгілі бір мәселелер бар. Толықтай алғанда, алдағы кезеңде мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артатын болады. Қазақстан Парламентінің Сенаты отандық әлеуметтану ғылымына ең алдымен заңнамалық қамтамасыз ету тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Сенат сарапшылық қоғамдастықты дамытуға бағытталған жобаларды қолдайды. Конгресс аясында Жас әлеуметтанушылар форумы жұмыс істейтінін білеміз. Бұл біздің палатамызда жүргізетін жұмыстармен үндеседі», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Осы ретте Мәулен Әшімбаев Сенат жанында Жас сарапшылар клубы алаңы бар екендігін еске салды. Оның мақсаты түрлі салаларды дамыту үшін заңнаманы жетілдіру мен ұсыныстар әзірлеуге ссарапшылардың жаңа буынының әлеуетін жұмылдыру екендігін атап өтті.

«Бұған қоса, біз клуб бастамашылық жасаған жаңа қоғамдық жобаға – Сарапшылар мектебіне қолдау көрсетті. Мектептің мақсаты – мемлекеттік қызметте, академиялық ортада жұмыс істейтін жас мамандарға сарапшылық дағды қалыптастыруға көмектесу. Әлеуметтанушылар қауымдастығын осы жобада ынтымақтастыққа шақырамын», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT