Мемлекеттік сатып алулар кезіндегі жемқорлық үшін сотталғандар 40% артты - Алик Шпекбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алулар кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін сотқа тартылғандар саны 40% артты, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

«Тек 2017 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сатып алулар саласында 73 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, оның 32-сі сотқа жіберілді. Жемқорлыққа қарсы қызмет деректеріне сәйкес, бұл салада сотқа тартылғандар саны 40% өскен. Жемқорлық қылмыстар тендерлерді үлестіруде, келісімшарттар жасасуда, сондай-ақ атқарылған жұмыстар мен төлем есебі бойынша актілерге қол қоюда жол беріледі», - деді ол бүгін «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, Әдеп кеңесінің биылғы жылдың алғашқы тоқсанындағы жұмыс қорытындысы мемлекеттік сатып алулар кезінде заңнама бұзып, жауапқа тартылған мемқызметшілер санының үш есеге өскенін көрсеткен. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүргізген сараптама нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар жүйесінде жемқорлық тәуекелдерін тудыратын бірқатар проблемалар барын анықтадық», - деп атап өтті А.Шпекбаев.

Оның мәліметтеріне сәйкес, мемлекеттік сатып алулар саласына жыл сайын бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді. 2016 жылы мемлекеттік сатып алулар сомасы 2,2 трлн.-нан астам теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар