Мемлекеттік сатып алудың электрондық аукцион тәсілі енгізілетін болады

None
None
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

«Бұған дейін Қазақстан, Беларусь және Ресей Үкіметтері арасында Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісім жасалған болатын. Келісімнің 17-бабына сәйкес, құжатты іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бұл ретте екінші кезең (Қазақстан Республикасы үшін) 2012 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленген. Осыған байланысты «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға өзгерістер енгізу көзделіп отыр», - дейді заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, заң жобасымен электрондық аукцион секілді мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілін енгізу ұсынылады. Электрондық аукцион осындай аукцион мәнінің бағасын төмендету жолымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы нақты уақыт режимінде жүргізілетін болады. Министрдің сөзіне қарағанда, электрондық аукционды енгізу мемлекеттік сатып алулардың «ашықтығын», конкурстық сатып алуды өткізуді ұйымдастыруға байланысты шығындарды қысқарту есебінен бюджет қаражатын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, өтінім берушілерді хабардар ету есебінен сатып алу бағасын төмендету мен бәсекелестікті күшейту шаралары күтіледі.

Соңғы жаңалықтар