Мемлекеттік сатып алу заңына тың нормалар енгізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасы шеңберінде жергілікті қамтуды дамытуға ықпал етер бірқатар норма ұсынылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл өнім берушіні таңдаудың орташа ұзақтығы 1,5 ай болғанда, оны 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Негіздемелік келісімдердің ұзақмерзімділігін ескере отырып, бұл тәсіл жиі сатып алынатын тауарлардың импортын алмастыруды жүзеге асыруға және қазақстандық тауар өндірушілерге өнімдерінің кепілді сатылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Электрондық дүкен» арқылы сатып алудың тағы бір жаңа тәсілі енгізіледі. Ол маңызы төмен тауарларды сатып алу кезінде бір көзден алудың орнына пайдаланылады», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министр осылайша бәсеке ортасы кеңейіп, қазақстандық бизнестің, оның ішінде отандық өндірушілерге қолдау көрсетілетінін жеткізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заң жобасы мемлекеттік сатып алуға саяси қызметшілердің қатысуын болдырмайды. Ол үшін қазірдің өзінде мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жаппай орталықтандыруды енгізу арқылы ұйымдастырушылардың саны айтарлықтай төмендейді (25 мыңнан шамамен 500-ге дейін). Әкімшілендіру жеңіл болады. Бұл мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамтуды тиімді реттеуге мүмкіндік береді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар