Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар екі есеге артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтар екі есеге артқан. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы кеңесте мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі қаралды. Онда бизнеске кері әсерін тигізетін жемқорлықтың жүйелі түрдегі алғышарттары белгіленді. Өкінішке қарай, заң бұзушылықтар әлі де жалғасуда. Үстіміздегі жылдың 8 айында мемлекеттік сатып алу бойынша қылмыстық құқық бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда, 2 есеге артқан, 2017 жылды толық алғанда бұндай көлемде құқықбұзушылық тіркелмеген», - деді Қайырбек Сүлейменов.

Атап айтсақ, 2017 жылы 61 адам, ал осы жылдың 8 айында 267 адам мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

«Қазіргі уақытта Парламентте мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлықты белгілі бір көлемде азайтуға бағытталған заң жобасы қаралуда», - деді ол.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін «Атамекен» ҰКП кеңесінде еліміздегі 7 бірдей вакцина жеткізуші компанияның мәселесі қаралған болатын. Аталған отырыста мемлекеттік сатып алу саласындағы  заң  бұзушылықтар да сөз болды.  

Соңғы жаңалықтар