Мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде 11 мыңнан астам заңбұзушылық жасалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат – Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тексеру кезінде 11,5 мың бұзушылық анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл төрт айдың ішінде камералдық бақылаумен сомасы 3,5 трлн теңгеге 395 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 11,5 мың бұзушылық анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері кемшіліктерді жою жөнінде 11 мыңға жуық хабарламаны орындады», - дейді Ерлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, мыңнан астам аудиторлық іс-шара өткізілді.

«Аудитпен 604 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 60 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу мен қызметті көрсетумен және жұмыстарды орындау мен қалпына келтіру бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 44 млрд теңгеге бұзушылық жойылды. Аудит объектілері қызметі тиімділігін жетілдіру және анықтау үшін 947 ұсыным берілді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар